Qonaev Media бас редакторы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды
Бүгін белгілі журналист және медиаменеджер, Qonaev Media телеарнасының бас редакторы Хасенова Кулимхан Бурышбаевна Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Кулимхан Хасенова – Алматы өңірінің тумасы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің түлегі. Ол еңбек жолын 1983 жылы «Чуйская долина» аудандық газетінде бастап, кейін «Мектеп» және «Жалын» баспаларында редактор әрі аудармашы болып қызмет атқарған.
Телевизия саласында елдің саяси, мәдени және тарихи өмірін кеңінен насихаттап, көптеген деректі жобалардың авторы атанды. Сондай-ақ, «Хабар» агенттігі, МТРК «Мир» және басқа да ірі медиа жобаларда еңбек етіп, отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосты.
Бұл жоғары марапат – Кулимхан Бурышбаевнаның ұзақ жылғы еңбегінің, кәсіби шеберлігінің және қазақстандық журналистиканы дамытуға қосқан зор үлесінің айғағы.