Алматы облысында Кореямен жаңа жоба жүзеге асуы мүмкін

Алматы облысында жаңа ауқымды жоба қолға алынбақ. Аймақ әкімі Марат Сұлтанғазиев Корея Республикасының Бас консулы Ха Тэ Укпен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың болашағын талқылап, басты назарды Алматы мен Қонаевты жалғайтын магниттік пойыз құрылысына аударды.

Кореялық дипломаттың айтуынша, мұндай жобаның жүзеге асуы жолдағы көлік жүктемесін азайтып, экологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты делегация аймақ басшысынан жобаны жеке бақылауына алуды өтінді.

Кездесуде мәдени және білім саласындағы ынтымақтастық та сөз болды. Әсіресе Қазақстанда корей тілін оқыту – елдер арасындағы достықты нығайтудың маңызды тетігі екені атап өтілді. Сол себепті арнайы сыныптардың санын арттыруға қызығушылық танытылды.

Сондай-ақ оқыңыз: