Алматы облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда

Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының негізгі тіректерінің бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің өнімділігін арттырудың экономикалық тұрақтылыққа жол ашатыны ерекше атап өтілген болатын. Осы бағыттағы жұмыстармен танысу үшін біздің түсірілім тобы Еңбекшіқазақ ауданына барып қайтты.

Бөлек ауылдық округінде 455 шаруа қожалығының 352-сі алма өсірумен айналысады. Мұнда жыл сайын орташа өнімділік 15 тоннаға дейін жетеді. Қарасай ауылындағы шаруашылықтардың бірі – «Руслан» қожалығы. Мұнда «Золотой превосход» пен «Американка» сорттары өсіріліп, жергілікті нарық сапалы өніммен қамтамасыз етілуде. Қожалық басшысы Рустам Османовтың айтуынша, биылғы маусымда 20 тоннаға жуық өнім алу жоспарланып отыр.

Ал құлпынай өсіру бағытында «Семиречье» питомнигі айрықша орын алады. 2018 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорында 20-дан астам сорт өсіріледі. Барлығы 27 гектар алқапта тамшылатып суару және тыңайтқышты автоматтандырылған жүйе арқылы береді. Маусым кезінде мұнда 40-қа жуық маман еңбек етеді. Кәсіпорын басшысы Александр Драгонның айтуынша, биыл бір жарым миллион көшет алынса, келесі жылы бұл көрсеткішті төрт-бес миллионға жеткізу жоспарланып отыр.

Алматы облысында ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған жобалар нақты нәтижесін беруде. Президент Жолдауында айтылған міндеттер жергілікті еңбекпен ұштасып, сапалы өнім өндіруге жол ашып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз: