Қазақстан үш жылда толық цифрлық мемлекетке айналуы тиіс – Президент Тоқаев

Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйекте халыққа арнаған Жолдауында елдің алдағы стратегиялық бағыттарын жария етті. Мемлекет басшысы жаһандық өзгерістердің жаңа дәуірінде Қазақстан батыл қадам жасап, цифрлық мемлекетке айналуы керектігін атап өтті.

«Бұл үрдіс бүкіл әлемде қалыптасқан тәртіпті және адамдардың өмір сүру салтын біржола өзгертуде. Біз бұған дайын болып, батыл әрекет етуіміз керек. Әйтпесе артта қалудың салдары өте ауыр болады. Сондықтан мен алдымызға өте маңызды стратегиялық мақсат қойдым. Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек», – деді Президент.

Жолдау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект саласын дамыту мәселесіне де тоқталды. Ол экономиканы заманауи талаптарға сай жаңғырту үшін ең алдымен Цифрлық кодекс қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар, қазіргі құзырлы мемлекеттік органның базасында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құруды ұсынды.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл шешімдер Қазақстанның инновациялық даму қарқынын арттырып, технологиялық тәуелсіздігін күшейтуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыз: