Қонаевта жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр
Қонаев қаласында жаңа жылыту маусымына дайындық қызу жүргізілуде. «Жылу орталығы» қазандығында жөндеу жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр. Қала бойынша 32 мыңнан астам абонент орталық жылу жүйесіне қосылған, оның ішінде 29 мыңы көпқабатты үйлер. Алдағы қысқа қажетті көмір қоры жеткілікті, бағасы – 21 мың теңге.
«Жылу орталығы» директоры Ержан Шоқанның айтуынша, биыл 2,6 шақырым жылу желісі жөнделеді, 7 қазандық пен 72 қазандықтың қосалқы жабдықтары жаңартылады. Сонымен бірге қалада газдандыру жұмыстары жалғасуда. Келер жылы барлық аудандар толық қосылып, көмірге тәуелділік азаяды деп күтілуде