Есік көліне кіреберістегі заңсыз шлагбаумдар алынды

Фото: Алматы облысының әкімдігі

Есік көліне кіреберісте туристерден заңсыз төлемақы алынғаны анықталды.

«Хабель» ЖШС-мен жасалған сенімгерлік басқару шартына сәйкес, туристерден төлемақы алу қарастырылмаған. Мұндай әрекеттер компанияның өкілеттігінен тыс әрі шарт талаптарын бұзады.

Көліктерден төлем алу тек Іле-Алатау ұлттық паркі аумағында заңнамаға сәйкес жүргізіледі.

Облыс әкімдігі «Хабель» ЖШС-не заңсыз төлемді тоқтату және орнатылған шлагбаумдарды алып тастау туралы хабарлама жолдаған.

17 тамыздан бастап Есік көліне кіреберістегі барлық шлагбаумдар алынып, жол қайтадан ашылды.

Сондай-ақ оқыңыз: