Сапалы қызмет көрсеткендер
«Үздік сапалы қызмет көрсетуші» анықталды. Игі шараны Алматы облысының мемлекеттік қызмет істері департаменті ұйымдастырып отыр.
Дәстүрлі байқау халықпен тікелей жұмыс істейтін мамандардың кәсіби біліктілігін бағалауға және қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Шараның басты мақсаты мемлекеттік қызметкерлердің мәртебесін арттырып, ел сенімін нығайту. Биылғы сайысқа 31 адам қатысып, бақ сынасты. Сайыс барысында үміткерлердің кәсіби даярлығы, қызмет көрсету мәдениеті жан-жақты сараланды. Қорытындыда үздіктер онлайн дауыс беру және арнайы комиссия отырысы арқылы анықталады. Ал жеңімпаздар Республикалық конкурста бақ сынамақ.
АСХАТ ҚАСЫМБЕРКЕБАЕВ
МЕМЛЕКЕТТІК ІСТЕР АГЕНТТІГІНІҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бұл конкурстың маңыздылығы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын арттыруға, қызметті алушыларды, жаңағы ынталандыру, жане қызметке жаңағы, клиентке бағытталғандығын арттыру.
АСЫЛ ҚҰРМЕТҚАЛИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ МОНИТОРИНГ ЖӘНЕ КАДАСТР БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ
Бірінші орын алғаныма қуаныштымын. Екіншіден, мынау қолдау көрсеткен әріптестеріме, жақындарыма... алғысымды білдіремін. Тәжірибемізді, жұмысымызды, осы беделімізді асыра отыра, білімімізді, жұмысымызды елге көрсетеміз деп ойлаймын.