«Алтын белгі» алғандар

Райымбек ауданында 2025-2026 оқу жылын үздік аяқтаған түлектерге арналған салтанатты қабылдау өтті. Аудан әкімі Дастан Құдабаев білім мен еңбектің биік нәтижесіне қол жеткізген оқушыларды қабылдап, «Алтын белгі» төсбелгілері мен аттестаттарын табыстады. Биыл аудан бойынша 346 оқушы 11-сыныпты тәмамдаса, оның 53-і «Алтын белгі», 38-і «Үздік аттестат» иегері атанды. Кездесу барысында аудан басшысы түлектерді құттықтап, алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуде сәттілік тіледі.
Шара соңында түлектер мен олардың ата-аналарына ізгі тілектер айтылып, естелік суретке түсу рәсімі ұйымдастырылды. Жас түлектер ауданның ғана емес, елдің дамуына үлес қосатын білікті маман болып қалыптасуға дайын екендіктерін жеткізді.

САҒЫМ ӘЛНАР
“АЛТЫН БЕЛГІ” ИЕГЕРІ
“Дәл осы төсімдегі төсбелгі 11 жыл бойғы тек менің еңбегім ғана емес, ата-анамның, одан бөлек Т.Жанұзақов орта мектебінің ұстаздарының ерен еңбегі. Әринеде біз бұл төсбелгіні ақтау үшін, аянбай еңбек етеміз.“

Сондай-ақ оқыңыз: