Кеген–Нарынқол бағытындағы жолдың сапасын тексеру керек пе?
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Райымбек ауданына барып, Кеген–Нарынқол бағытындағы күре жолды қайта жаңарту барысымен танысты.
Жоба аясында жалпы ұзындығы 74 шақырымды құрайтын жолдың екі бөлігі — 0-37 км және 37-74 км аралығы жөндеуден өтуде. Құрылыс жұмыстарын «Нұрлы жол – 7» компаниясы жүргізсе, техникалық бақылауды «KZ Стройэксперт» мекемесі жүзеге асыруда. Жобаның жалпы құны — 8 млрд теңге.
Бүгінде жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр:
🔹 7 мың м³ қиыршық тас дайындалған,
🔹 4 шақырым жолда ресайклизация жүргізілген,
🔹 2 шақырымға төменгі асфальт қабаты төселген.
Жобаға 44 техника бірлігі мен 71 жұмысшы жұмылдырылған.
Облыс басшысы құрылыс қарқынын жеделдетуді және бөлінген қаражаттың тиімді әрі сапалы игерілуін тапсырды. Оның айтуынша, бұл жолдың сапасы — тек көлік қатынасына емес, жергілікті халықтың өмір сүру деңгейіне де тікелей әсер етеді. Аталған мәселе тұрғындармен кездесулерде жиі көтерілген.