Талғар ауданында 750-ден астам үйсіз жануарды зарарсыздандыру және кастрациялау бойынша қайырымдылық акциясы өтеді

Фото иллюстрация: www.freepik.com

2025 жылғы 27 маусымнан 1–2 шілдеге дейін Талғар ауданында Brigitte Bardot қорымен бірлескен қайырымдылық акциясы өтеді. Оның аясында Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле аудандары мен Алматы қаласынан келген 750-ден кем емес үйсіз жануар зарарсыздандырылып, кастрацияланады.

Шараның мақсаты — көшедегі жануарлар санын ізгілікті әдіспен азайту, санитарлық жағдайды жақсарту, жануарлардың өмірін сақтау және тұрғындарды тістеуден, түрлі аурулардың таралуынан қорғау.

Акция аясында операция жасалған барлық жануарлар құтырмаға қарсы вакцина салынып, чипталады, ал үйсіз иттердің құлағына есепке алу үшін арнайы пробирка орнатылады. Осы арқылы адамдар үшін ықтимал қауіптердің алдын алуға мүмкіндік беріледі.

Испания, Германия, Франция және Арменияның тәжірибелі хирургтері 750 жануарға тегін операция жүргізеді.

Сонымен қатар, ветеринарларға арналған арнайы тегін оқыту ұйымдастырылып, халықаралық үлгідегі сертификаттар беріледі.

Сондай-ақ оқыңыз: