Ұйғыр ауданында 160-қа жуық тұрғын үйден дауыс беру мүмкіндігін пайдаланды

Ұйғыр ауданында 160-қа жуық тұрғын үйден дауыс беру мүмкіндігін пайдаланды. Сонымен қатар  «Дауыс бер, өз ағашыңды отырғыз» атты экологиялық акция ұйымдастырылып, тұрғындар  табиғатты қорғау ісіне де өз үлестерін қосты.

Шарын ауылында жасы 90-нан асқан екі ақсақал мен әжейлер сайлау учаскесіне келіп,  өз таңдауларын жасап, кейінгі буынға өнеге көрсетті. Ал Бахар ауылында  Ұлы Отан соғысының ардагері Алым Кебиров дауыс берді. Құрметті ардагердің бұл қадамы ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымның айқын көрінісі болды. Сонымен қатар Жаңабай Құдайбергенов атындағы мектеп ауласында «Дауыс бер, өз ағашыңды отырғыз» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Тұрғындар мектеп ауласына жас көшеттерді отырғызды. Шара барысында «Жазерке» және «Арзу» ансамбльдерінің жанды әуені шырқалып, сайлаушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Сондай ақ сайлау комиссиясының мүшелері үйде дауыс беруге ниет білдірген азаматтарға барды. Жалпы аудан бойынша 152 тұрғын  үйден дауыс беру мүмкіндігін пайдаланды. Осылайша әрбір азаматтың өз таңдауын жасауына толық жағдай жасалды.

МҰХАМЕТҚАЛИ ДОСҚАНОВ 
АУДАН ТҰРҒЫНЫ 
«Жалпы, өкіметтің ұстап отырған саясаты өте жақсы, халық үшін жақсы жұмыс істеп жатыр. Елдің өркендеуі үшін, бейбітшілік үшін өте маңызды. Сол үшін дауыс беріп отырмыз».

Жалпы, Ұйғыр ауданында дауыс беру науқаны талапқа сай ұйымдастырылып, тұрғындардың белсенді қатысуымен өтті. 

Сондай-ақ оқыңыз: