Реабилитологпен сұхбат: жарақат пен отадан кейін қалай сауығуға болады?
Жарақаттан, операциядан немесе күрделі аурулардан кейін қалпына келу – ұзақ әрі жеке тәсілді қажет ететін процесс. Бұл туралы біз «Almaty Resort» шипажайының реабилитолог дәрігерімен сұхбаттасқан едік.
– Сіздерге көбіне қандай мәселелермен жүгінеді?
– Бізге жиі келетіндер – ортопедиялық және нейрохирургиялық оталардан кейінгі, инсульт алған немесе тірек-қимыл жүйесінің созылмалы ауруларынан зардап шегуші науқастар.
– Сіздердің орталықта қандай оңалту әдістері қолданылады?
– Біз әр пациентке жеке бағдарлама жасаймыз. Оған емдік дене шынықтыру, механотерапия, физиотерапия, массаж, су процедуралары мен аппараттық әдістер кіреді.
– Орташа есеппен оңалту курсы қанша уақытқа созылады?
– Бұл науқастың жағдайына байланысты. Орта есеппен 10-21 күнге дейін созылады.
– Жас ерекшелігіне шектеу бар ма?
– Жоқ, біз кез келген жастағы пациенттерді қабылдаймыз. Оның ішінде балалар да бар. Әрқайсысына жеке тәсілмен қаралады.
– Сіздердің орталықтың басты ерекшелігі неде?
– Біріншіден, бізде жоғары білікті мамандар қызмет етеді. Екіншіден, Almaty Resort шипажайында оңалтуға толық жағдай жасалған.