Алматы облысында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар талқыланды

Кәсіпкерлік ортада заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің кезекті отырысына қатысты.

Кеңес барысында мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы қарым-қатынасқа қатысты құқық қолдану тәжірибесі талқыланды. Кәсіпкерлердің заңды құқықтарының бұзылуы туралы шағымдары тыңдалып, әрбір мәселе бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, уәкілетті органдар тарапынан қосымша тексерулер жүргізу туралы шешімдер қабылданды. Кейбір мәселелер Департаменттің жеке бақылауына алынды.

Президенттің қауіпсіз және қолайлы бизнес ортасын қалыптастыру жөніндегі тапсырмалары аясында кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттіктің ерекше назарында екені атап өтілді. Осыған байланысты Департамент бизнестің заңды қызметіне негізсіз араласу фактілерін тұрақты бақылауда ұстап, заңға сәйкес әрекет етуде.

Отырыс қорытындысы бойынша кәсіпкерлік қоғамдастықпен тиімді өзара іс-қимылды жетілдіруге, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейтуге және әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған бірқатар ұсыныстар әзірленді.

Дереккөз: www.balqash-oniri.kz

Сондай-ақ оқыңыз: