Мерекелік сыйақы қайтарылды
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Сәулет және қала құрылысы басқармасында жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеруге қызметкерлердің сыйақы төлеуге қатысты арызы негіз болған. Шара барысында мерекелік сыйақыларды есептеу кезінде теңдік қағидатының сақталмағаны анықталып,екі қызметкерге тиесілі төлемдер толық аударылмаған. Департаменттің араласуынан кейін оларға жалпы сомасы 2 185 мың теңге көлемінде қосымша қаражат төленді. Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
СУННАТ КАМОЛИДДИНОВ
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
«Жоспардан тыс тексеріс барысында шынымен де екі мемлекеттік қызметшіге толық көлемде сыйақы төленбегені анықталды. Соның нәтижесінде Алматы облысы сәулет және қала құрылыс басқармасының басшысы сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сәйкесінше екі мемлекеттік қызметшінің құқығы қалпына келтірілді»