Алатау ауданындағы заңсыз бұрғылау жұмыстары тоқтатылды

Алатау ауданындағы құрылыс алаңында бұрғылау жұмыстары кезінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. Жұмыс рұқсат етілмеген құжаттамамен, жоба мен сараптамасыз басталған. Бұған қоса, техникалық және авторлық бақылау жүргізілмеген, уәкілетті органдарға ресми хабар берілмеген. Су өздігінен атқылап, ұңғыма маңында опырылу тіркелді.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыстарды толық тоқтатуды және заң аясында шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды:

«Мұндай жағдайларға жүйелі жауап қажет. Барлық құрылыс процестері қауіпсіздік пен экологиялық талаптарға сай жүргізілуі тиіс», – деді әкім.

Анықталған жағдай бойынша:

  • Алатау ауданының әкімдігіне салалық қызметтермен бірлесіп жою жоспарын әзірлеу тапсырылды.
  • Су шығуын тоқтату «БАБИ» РМК бақылауына алынды.
  • Экологиялық әсерді Экология департаменті зерттейді.
  • Төтенше жағдайлар департаменті тәуліктік мониторинг жүргізеді.
  • Прокуратура мен полиция құқықтық баға береді.
  • Мердігер ұйымға ресми ескерту беріліп, нақты мерзім көрсетілді.
  • Күнделікті есеп Алатау ауданы әкімдігіне жіберіліп отырады.

Сондай-ақ оқыңыз: