Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Райымбек ауданында жергілікті тұрғындармен кездесті

«Конституциялық өзгеріс -заман талабы. Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров жұмыс сапарымен Райымбек ауданына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Жиналған жұрт өздерін толғандырған сауалдарын қойып, көкейдегі ойларын еркін жеткізді. Әсіресе, ел өміріндегі маңызды қадам – республикалық референдумға ұсынылатын жаңа Конституция жобасы кеңінен сөз болды. Депутаттың сөзінше, заңға енгізілетін өзгерістер елдің алға жылжуына жол ашып, қоғамда әділдік орнатуға және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған. Реформалар мемлекет пен халық арасындағы байланысты нығайтып, жұрт пікіріне құлақ асатын, ашық әрі жауапты басқару жүйесін қалыптастыруды көздейді.  Аудан тұрғындары да белсенділік танытып, ел болашағына бейжай қарамайтындарын білдірді.

АРДАҚ НАЗАРОВ
ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
 «Осында келіп халықпен кездестік. Әрине, бүгінгі ата заңымызда 84%-ға жуық өзгерістер болды. Бірақ дейтұрғанмен де бүгінгі заманға сай. Өйткені, қазір әлем өзгеріп жатыр. Технология дамып жатқан заманда, біздің ата заңымызда соған бейімделіп жасалып отыр. Сондықтан құрметті Қазақ елі, ең бірінші сіздерге амандықтарыңызды тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Ата заңымыз Қазақ елімен бірге мәңгі жасасын».

ГҮЛНАРА РАУАНҚЫЗЫ
«AMANAT» ПАРТИЯСЫ РАЙЫМБЕК АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ
« Бірнеше күннен бері істеп, атқарып жатқан жұмыстарымызда аудан халқының осы Ата заңымызға енгізілетін өзгерістерді дұрыс пікірмен, жақсы түсінікпен қабылдап, қолдауын ғана көріп жатырмыз».

Сондай-ақ оқыңыз: