Қонаевта «Таза аула» байқауының жеңімпаздары анықталды

пресс-служба акима г.Конаев

Қонаев қаласында «Таза аула» байқауының бірінші кезеңі қорытындыланып, Aspan fest музыкалық фестивалі басталды. Бұл шаралар жаз бойы әр апта сайын өткізіледі.

Бүгінгі алғашқы концерт кешінде қаланың әкімі Асхат Бердіханов байқау жеңімпаздарын марапаттады:

  • 3‑орын – Лилия Петрушина, Койшыманов көшесі, 6-үй ауласын абаттандырғаны үшін.
  • 2‑орын – 5‑м микрорайон, 56‑үй тұрғыны Абдували Асылбеков.
  • 1‑орын және 300 000 ₸ сыйлық сертификаты – 3‑м микрорайон, 28Б-үй тұрғыны Ольга Попова.

Абаттандыруға үлес қосқан белсенді тұрғындар 100 000, 200 000 және 300 000 теңге көлемінде сертификаттармен марапатталды.

Ұйымдастырушылар бұл — «Таза Қазақстан» жобасының тек алғашқы кезеңі екенін баса айтты. Келесі кезең басталатын күні бөлек хабарланады.

Жалпы мақсаты — тұрғындардың тазалық мәдениетін қалыптастыру мен табиғатты қорғау.

Сондай-ақ оқыңыз: