Алматы облысы әкімінің Еңбекшіқазақ ауданына жұмыс сапары: мектеп, қауіпсіздік және тұрғын үй

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Еңбекшіқазақ ауданын аралап, ауыл-аймақтың тыныс-тіршілігімен танысты. Жөндеуді талап ететін мектептер мен салынып бітпеген үйлердің жағдайын білген әкім, жауаптыларға бірқатар міндет жүктеді. 

Марат Сұлтанғазиевтың жұмыс сапары Шелек ауылынан басталды. Кітапхана, мектеп, әкімшілік ғимараты мен мәдениет үйінің жағдайымен танысқан әкім өрт сөндіру бекетінің жұмысын да көрді. Артынша әлеуметтік осал топтағы үй кезегінде тұрған азаматтарға сатып алынған үйлер мен салынатын үйлерге барып, жұмыс барысымен танысты. Сондай-ақ, мектеп маңына көпқабатты үйлер салу қажеттігін айтып, жауаптыларға тапсырма жүктеді.

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Мектептің төңірегіне көп қабатты салу керек. 3,4,5 этажды. Өйткені балалар орналасу керек қой. 

Еңбекшіқазақ ауданындағы құрлысы кешіккен 60 пәтерлі 2 көпқабатты үйде назардан тыс қалмады. Мән-жайды баяндаған аудан әкімі, құрыс жұмыстарының биыл аяқталатынын жеткізді.

ТАЛҒАТ БАЙЕДІЛОВ
ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Қазір тоқтап тұрған 6 үй бар. Төртеуі Есікте, екеуі Шелекте. 60пәткрлі екі үй. Бұнымен біз соттасып, соңында компания басшылары ауысып. Сол басшылармен біз қайта келісім шарт жасадық. Компания басшыларымен сөйлестік. Ауа-райы жұмыс істеуге ыңғайлы болған кезде жұмысты бастап, биыл қолданысқа береміз. 

Артынша әкім Қаражота ауылындағы жаңа жайлы мектепке табан тіреді. 300 ден астам бала оқитын білім ордасын толық аралаған өңір басшысына Ақтоған мен Сарыбұлақ ауылдарындағы тозығы жеткен мектептердің де жай-күйі баяндалды. 

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Мынандай мектеп тұрған кезде толық пайдалануымыз керек ғой. 9,10,11 сыныптар осындай мектепте оқып бәсекеге қабілеттері артса дұрыс болады. Мына жерде мұғалім сапасын арттыру керек. Сол кезде жалпы білім сапасы дұрысталады. 

ШОЛПАН ҚОШАХАНОВА
ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Қазіргі іс-сапарда бізге қойып отырған міндеттемесі облыс әкімінің балаларға бәсекелестік орнату. Жақын арада орналасқан балаларымызды осында тартып білім сапасын көтеру. Бұл болашақта шешілетін мәселе. Болашақта облыстық білім басқармасына ұсыныс білдіреміз. Ары қарай шешімін табамыз. 

Облыс басшысының Еңбекшіқазақ ауданына сапары күрделі жөндеуден өтіп жатқан «Нұрлы орта мектебі»  ғимаратында жалғасты. Әкім жөндеуі биыл аяқталатын нысанды аралап, мердігер мекеме өкілдерімен кездесті. Осылайша ауданның бірқатар жұмысын бағалаған Марат Сұлтанғазиев әлеуметтің әлеуетін арттыруға бірқатар тапсырма берді.

Сондай-ақ оқыңыз: