Флайборд және автошеру: Қонаевта Мемлекеттік рәміздер күні ерекше форматта өтті
4 маусым — Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қонаев қаласында ауқымды мерекелік шаралар өтті. Іс-шараға жүздеген тұрғын мен қала қонақтары қатысты.
Мереке ретро автошеруден басталды. Қазақстанның Мемлекеттік Туымен безендірілген көліктер қаланың басты көшелерімен жүріп өтіп, №5 жағажайға бет алды.
Басты көрініс — флайборд шоуы болды. Спортшылар су бетінде Мемлекеттік Тумен көтеріліп, түрлі акробатикалық трюктер жасады. Әсерлі қойылымды 300-ден астам адам тамашалады.
Қала әкімі Асхат Бердіханов жиналған жұртшылықты айтулы күнмен құттықтап, Мемлекеттік рәміздердің еліміз үшін маңызын ерекше атап өтті.
«Елтаңба, Ту және Әнұран — тек рәміздер емес, олар — халқымыздың тарихы, мақтанышы мен болмысы», — деді әкім.
Қала тұрғындары шараның ерекше форматына оң бағасын беріп, оның патриоттық рухты күшейткенін атап өтті.
Мереке концерттік бағдарламамен қорытындыланды.