Алматы облысының әкімі М.Сұлтанғазиев «Хан Тенгри Капитал» ЖШС өкілдерімен кездесті
Қонаев қаласында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Хан Тенгри Капитал» ЖШС өкілдерімен кездесті. Басқосуда облыста жүзеге асырылатын «Хантенгри» инвестициялық жобасын іске асырудың жол картасы талқыланды. Негізгі тақырып медициналық-биотехнологиялық инновациялық жобаны дамыту мәселелері болды.
Кездесуде тараптар жер телімін бөлу, инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру, рұқсат құжаттарын дайындау және негізгі бағыттар бойынша орындаушыларды бекіту секілді маңызды мәселелерді қарастырды. Өңір басшысы Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, бұл бастама стратегиялық мәнге ие. «Алматы облысы жоғары технологиялық инвестицияларды, әсіресе медицина мен биотехнология саласын тартуға мүдделі. “Хантенгри” жобасы жаңа жұмыс орындарын ашуға, медициналық қызмет сапасын жақсартуға және өңірдің инновациялық экономикасын дамытуға серпін береді. Біз жобаның сәтті жүзеге асуына жан-жақты қолдау көрсетеміз», деді ол. Жиын соңында мемлекеттік органдар мен инвестор арасындағы өзара іс-қимылды үйлестірудің келесі қадамдары нақтыланып, жауаптылар бекітілді және алғашқы кезектегі іс-шаралар жоспары құрылды.