Алатау баурайында аграрлық науқан басталды

Алатау баурайында аграрлық науқан басталды. Жамбыл ауданының диқандары биылғы егін егу жұмысын әдеттегіден он күн ерте бастап кетті. Күн райының қолайлылығын сәтті пайдаланған шаруалар дала төсінде қызу жұмысқа кірісті. Бүгінде аудандағы жүздеген гектар жерге алғашқы дән себілді.

Биыл көктем ерте келіп, диқандардың жұмысын жеңілдеткендей. Жамбыл ауданы бойынша биылғы егіс көлемі 106 мың гектардан асады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда едәуір жоғары көрсеткіш. Мәселен, Үшбұлақ ауылының шаруалары қазірдің өзінде мың гектардан астам алқапқа арпа егуді бастады. Жергілікті диқандардың айтуынша, жердің бабы келіп, топырақта ылғал жеткілікті мөлшерде сақталған. 

ӘЛІБЕК ЖЕКЕН 
ҚАРАҚЫСТАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
 «бізде енді мына ауа райына байланысты, жауын шашынды күтеді мына шаруа қожалықтары. Ауа райы қалай болады, өнім де солай шығады. Гектарына жаңағы 24-25 центнерден аламыз, ауыл бойынша бізде жаңағы шаруа қожалықтары егіндерін жинап кормовой базаға күз айларында өткізіп ешқандай ондай бізде жаңағы өткізбей қалу деген жоқ.

Аудан бойынша  майлы дақылдар мен мал азығына да басымдық берілген. 50 мың гектардан астам жерге бидай мен арпа егілсе, тағы 46 мың гектар алқап мал азығына арналған. Қазіргі таңда аймақта су тапшылығының алдын алу үшін заманауи технологияларға көшу қарқынды. Шаруалар тамшылатып  суару жүйесі арқылы өнімділікті арттыруды көздеп отыр. Бұл бағытта мемлекеттік қолдау да қомақты. Сонымен қатар, техника паркін жаңарту да басты назарда. «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасымен былтыр 45 техника алынса, биыл бұл көрсеткішті 61-ге жеткізу жоспарланған

ҚАЙРАТ ТОЙШЫБЕКОВ 
ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ 
«Субсидиялардың мына солярканың, удобренияның барлығының субсидия түрлері бар ГосАгро программасы арқылы, солярка 277 теңгеден. Су үнемдеу технологиясы бойынша бізде капельный орошениеге алады, негеде алады жаңағы дождевальный агрегатқа алады.

Осы мақсатта шаруаларға қажетті минералды тыңайтқыштар мен жеңілдетілген жанар-жағармай мәселесі де толық шешілген. Ал Бозой ауылында жаңа тұқым шаруашылығын ашу жоспарланған. Бұл болашақта майлы дақылдар мен жүгерінің сапалы тұқымын  өндіруге жол ашады. Мамандар болжамынша, егер күн райы осы қалыпта сақталса, көктемгі науқан қысқа мерзімде аяқталмақ

Сондай-ақ оқыңыз: