Экономика жаңа салық өзгерістері кезеңіне қадам басты
Салық кодексіне әлі де түзетулер мен өзгертулер енгізу қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында айтты. Яғни бұл бастама сапалы экономикалық өсімді тұрақты қамтамассыз ету үшін маңызды.
Сарапшы Максим Барышевтің пікірінше, бүгінде жеңілдетілген режим бойынша салық жүктемесі шағын бизес нысандарында 2 мен 4 пайыз арасында ғана. Мұны жергілікті мәслихаттар белгілеп отыр. Алайда, ірі бизнес ошақтары жалпыға бірдей белгіленген қатаң салық заңына бағынады. Және корпоративтік табыс салығын 20 пайыз төлеуге мәжбүр. Бұл жүктеме, сайып келгенде, тұтынушылар үшін тауар мен көрсетілетін қызметтің бағасына кері әсер етіп отыр.
МАКСИМ БАРЫШЕВ - САЛЫҚ САРАПШЫСЫ:
- Біздің Президентіміз Салық кодексін қайта қарауды ұсынды. Ол шын мәнінде қатып қалған қағида емес. Өзгертуге болады. Бастысы азаматтардың пікіріне құлақ асу маңызды. Қазір мұнда қосарланған салық жүйесі жұмыс істеп тұр. Яғни мен жалпыға бірдей салық режимінде жұмыс істейтін кәсіпкер ретінде корпоративтік табыс салығын төлеймін, әрі мәміле бойынша оңайлатылған режимде жұмыс істейтін кәсіпкер де салық төлейді. Осыған байланысты Премьер-Министр мен вице-премьерлер деңгейінде Салық кодексін шұғыл түрде өзгерту үшін ауқымды жұмыс жүргізу қажет, әрі өткен кезеңдерге де қолдану мәселесін қарастыру маңызды.