Үшқоңыр спорт кешенінде Алматы облысының футзалдан чемпионаты өтуде
Қарасай ауданындағы «Үшқоңыр» спорт кешенінің паркет алаңында 2011–2012 жылы туған жасөспірімдер арасында Алматы облысының футзал чемпионаты өтіп жатыр. Турнирге өңірдің 8 командасынан құралған 120-дан астам жас спортшы қатысуда.
Жарыстың басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасындағы футзалдың дамуын қолдау, бұқаралық спортты нығайту және облыстық жасөспірімдер құрамасына үміткер дарынды футболшыларды анықтау.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнир барысында тек спорттық нәтижеге ғана емес, тәрбиелік бағытқа да ерекше көңіл бөлінген. Мұндай чемпионаттар жас ойыншылардың жеңіске деген жігерін, тәртіптілігін, қарсылас пен жаттықтырушыға деген құрметін арттырып, маңызды ойын тәжірибесін жинауға мүмкіндік береді.
«Алғашқы ойындардан-ақ балалардың маусымға жақсы дайындалғаныбайқалады – олар батыл, жылдам ойнап, командалық өзара әрекеткеұмтылуда. Көпшілігі үшін бұл – өсу сатысының маңызды кезеңі: мұндайчемпионаттарда алынған тәжірибені қарапайым жаттығуларда алумүмкін емес. Біздің мақсатымыз – ойындардың әділ, қарқынды жәнежоғары деңгейде өтуін қамтамасыз ету», – деді жарыстың бас төрешісіҚайсар Қиса.
Сайыстар FIFA бекіткен футзалдың халықаралық ережелеріне сай 5x5 форматында, (U-15) жас санатындағы жасөспірімдер арасында өтуде. Әр матч 2 тайм, әрқайсысы 15 минуттан тұрады.
«Турнирдің алғашқы күнінен бастап ойындар тартысты әрі көрерменгеқызықты өтіп жатыр. Жанкүйерлер мен ата-аналар трибунадан өз спортшыларын белсенді қолдап, үлкен спорт рухын қалыптастыруда. Чемпионат облысымыздың спорт күнтізбесіндегі маңыздыоқиғалардың бірі болады және балалар мен жасөспірімдер арасында футзалдың дамуына жаңа серпін береді деп сенемін», – деді Алматы облысы бойынша жасөспірімдер арасындағы футзалдан ағажаттықтырушы Архат Рымғали.
Әр команда бірнеше ойын өткізеді, ал ең мықтылары финалдықкезеңге жолдама алады. Чемпионаттың қорытындысы 25 қазан күнішығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сондай-ақ жекелейноминациялар бойынша үздік ойыншылар анықталады.