Шекарасы жоқ өнер

Алматы галереясында «Қиял ойлары» атты ауқымды көрме ашылды. Игі шара бейнелеу өнері фестивалінің «Алматы жазы» екінші маусымы аясында ұйымдастырылды. Экспозицияда  түрлі бағыттағы 40 суретшінің жұмысы қойылған. Арасында енді салынғалы жатқан «Алатау» қаласы бейнеленген картина да бар. Сондай-ақ кескіндеме, графика арқылы авторлар кеңістікті бейнелейтін түрлі жобасын ортаға салды. Көрме адамды тылсым әлемге жетелеп, әр суретшінің өзіндік көзқарасы мен қолтаңбасы бар екенін айшықтай түсті. Мәселен, мүсінші Құрманғазы Қадіровтің еңбегі көпті сүйіндірді. Ол өз туындысына табиғи материал пайдаланғанды жөн көріпті. 


ӨМІРБЕК ЖҰБАНИЯЗОВ 
СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ 
«Кескіндемеде, живопись дейміз қолтаңба бірден көрінеді суретшілредің. Мүсінде енді шектеулі. Ұнататыным бұл кісіде ерекщелігі, бірден танитыным  ол біздің сүйекке ақын дүниелер. Мына қырлағы шықпаса да мына асықтың жұмыр сондай бір айналып келген шамалы өзінің бір глянцевый дейміз, нәзік өзінің бір жылылығы бар.»

Сондай-ақ оқыңыз: