2025 жылғы үйлену трендтері: салтанат емес, шынайылық пен табиғат аясындағы рәсім
Соңғы жылдары жас жұбайлар даңғаза банкеттерден бас тартып, жанға жақын, шағын, әр бөлшегі ойластырылған той форматтарын таңдап жүр. 2025 жылғы басты трендтердің бірі — табиғат аясындағы ашық аспан астында өтетін неке қию рәсімі мен отбасын құруға деген саналы көзқарас.
Осындай форматтағы салтанаттарды ұйымдастыру үшін көптеген жұптар “Almaty Resort” шипажайын таңдайды. 21 гектарлық саябақ, алып ағаштар мен таудың таза ауасы ерекше табиғи үйлесім мен тыныштық сыйлайды.
«Ең әдемі рәсімдер саябақ ішінде, гүлмен безендірілген арканың астында өтеді. Қонақүйдің қабырғаларының орнына — шексіз аспан, құстардың әуені. Кешкі ас та сол жерде, ашық аспан астында беріледі. Өте сәнді, бірақ сондай жылы әрі әсерлі. Өзіңнің кинофильмінде жүргендей сезінесің», – дейді “Almaty Resort” маркетологы Валерия Дигай.
Көптеген жас жұбайлар тек жақындарын шақырып, қалған қонақтарға тікелей эфир арқылы салтанатты көруге мүмкіндік береді. Сапалы дыбыс пен интернет қамтамасыз етілген. Мұндай формат элеганттылықты, еркіндікті және формалдылықтан бас тартқан жастарға ұнайды. Қонақтар саны 20 мен 80 адамның арасында болады — әрқайсысына көңіл бөлуге мүмкіндік бар.
Қазақтың беташар, шашу секілді дәстүрлері еуропалық стильдегі рәсімдермен үйлесім табуда — жандды музыка, куәгерлердің тілегі, ашық аспан астындағы неке қию. Мәзір де ерекше: бауырсақ пен ет тағамдары қатарында трюфель майы қосылған паста, авторлық тіскебасарлар ұсынылады.
«Біз тағамды кештің форматына бейімдейміз. Біреулер дәстүрлі ыстық ас сұрайды, енді бірі — жеңіл канапе мен паста. Қонақтардың көбі ет табағын талап етеді — бұл біздің ұлттық кодымыз. Мәзір — кештің жалғасы, оның әсем әрі жеңіл атмосферасын толықтырады», – дейді тамақтану бөлімінің басшысы Олжас Бекенов.
Мұндай саналы көзқарас елдегі үйлену статистикасына да әсер етіп отыр. 2025 жылдың алғашқы үш айында Қазақстанда 22,5 мың некелесу тіркелген — бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға аз. Жастар үйленуді ойланып, дайын болғанда ғана жүзеге асырады.
💬 2025 жылғы үйлену — бұл ауқым емес, мазмұн. Бастысы — шынайы атмосфера, қасындағы жақындарың және табиғат аясында айтылған “иә” сөзі.