«Адам және ғарыш» әуе шоуы өтеді

12 сәуір күні Талғар ауданына қарасты Байсерке аэродромында авиациялық маусымның салтанатты ашылуы өтеді.

Қазіргі таңда іс-шараға дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Ауқымды шараны Алматы облысының әкімдігі ұйымдастырады. Былтыр тамыз айында өткен «Avia Show» фестиваліне 9 мыңға жуық көрермен қатысты. Биыл «Адам және Ғарыш» атты авиафестивальде бұл көрсеткіштің еселеп артуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз: