Нарынқолда Наурыз ұлттық дәстүрмен аталып өтті

Райымбек ауданында Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. Береке мен бірліктің бастауы саналатын мереке театрландырылған көрініспен басталып, ұлттық нақышқа толы думанға ұласты. Алаңға тігілген ақшаңқан киіз үйлер, қазақы оюмен безендірілген көріністер мен қазан-қазан наурыз көже – көпшілікке ерекше әсер сыйлады.

БИБІГҮЛ СҰЛТАНҒАЗИЕВА
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ 
Бүгінгі біздің наурыз мерекеміз керемет өтіп жатыр. Сіздерді мына әлем, жұрт тойлап жатқан наурыз мейрамдарыңызбен, жана жылдарыңызбен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, зор бақыт тілейміз.

Мерекеде  аудан өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып, ұлттық билер көпшілік назарына ұсынылды. Қазақы жөн-жоралғыларды дәріптеген көріністер мен тағылымды қойылымдар көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

ДАСТАН ҚҰДАБАЕВ
РАЙЫМБЕК АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Наурыз мерекесі құтты болсын! Аудан тұрғындарымен наурыз мерекесін, салтанатты шараны атап өтіп жатырмыз. Осы келген наурызбен елімізге, жерімізге ырыс келсін, ынтымақ келсін. Халқымыздың әлеуметтіу жағдайы көтеріліп, осы жыл жеңісті күндер көп болсын деп айтамын.

Киіз үйлерде ақ дастархан жайылып, қазақтың қонақжай дәстүрі кеңінен көрініс тапты. 

Наурыз – өткен мен бүгінді жалғаған, татулық пен ырыстың мерекесі. Райымбек жерінде ұлық мереке кеңінен тойланып, елдің еңсесін көтерді. Әз-Наурыз әр шаңыраққа құт-береке әкелсін!

Сондай-ақ оқыңыз: