Талғарда белгілі журналист Жалғасбай Қожахметұлының 70 жылдығына арналған спорт турнирі өтеді
27 маусым күні сағат 10:00-де Талғар қаласындағы «Алмалы» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде белгілі журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жалғасбай Тұрсынбек Қожахметұлының 70 жылдығына арналған спорт турнирі өтеді.
Жалғасбай Тұрсынбек Қожахметұлы — Қазақстанның еңбек сіңірген журналисі, Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, «Қазақстан Республикасының Құрметті журналисі» (2025), «Қазақ журналистикасының қайраткері» (2018), республикалық «Сейдахмет Бердіқұл» атындағы сыйлықтың иегері (2008), Талғар ауданының Құрметті азаматы (2012). 48 жыл еңбек өтілі бар қаламгер 1998–2022 жылдар аралығында Талғар аудандық газетінде еңбек еткен. Сондай-ақ, алты кітаптың авторы, 8 бала мен 30-ға жуық немеренің атасы.
Бұл іс-шараның басты мақсаты — қаламгердің еңбек жолын ұлықтау, өскелең ұрпақты спортқа және мәдени мұраны құрметтеуге шақыру.