Ұлттық киімдер күні: жас дизайнерлердің тың топтамалары таныстырылды

Ұлттық киімдер күніне орай сән мен салт тоғысқан сән көрсетілімі Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде өтті. Жас дизайнерлер  шеберлер бірлесіп жасаған  бірегей топтамалар ұсынылды.

Көздің жауын алатын ою-өрнек, үстімдегі замануи үлгідегі бешпет ұлттық кодты айқын көрсетеді. Отндық дизайнерлер коллекциясы әсіресе жастар арасында бағаланып, ұлттық мәдениеттің өзекті екенін аңғартады. Наурызнама қарсаңында бұл үрдіс тіпті жандана түсті.

Бұл нағыз сән мен салтанаты жарасқан іс-шара. Көрсетілімдегі «Кербез» топтамасы  нәзіктік пен батылдықты ұштастырса, «Торғын» топтамасында еркіндік рухы сезіледі. Ал «Lines of Freedom» үлгісінде  заманауи көзқарас пен дәстүрлі элементтер айқын көрінеді. 

ДІЛНӘЗ ДҮЙСЕНҒАЛИ 
ДИЗАЙНЕР
«Әртүрлі манағы айта кеткендей сол ерекше сәттермен, таулармен Бозжыра, Боқты - Маңғыстау облысындағы таулармен ерекшеленді көбіне. СКЛ. Сабақ барысында істеген соң бұл бізде жеті аптаны алды. Ал жалпы уақыт тығыз болса, тез істеуге болады деп ойлаймын. СКЛ. Қыздардың киімін қарай кетсек, оларда велюр әртүрлі маталар. Яғни қиындығы жағынан бар маталар бар.»

«Ұлттық сән өнеріне қолдау көрсетіп, этно-стилді кеңінен насихаттауға және жас таланттардың кәсіби қалыптасуына көмектесу басты мақсат» - дейді ұйымдастырушылар

КӘМШАТ ЖИЕНАЛИЕВА
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТАРИХЫ МУЗЕЙІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ 
«Жалпы киім ол жәй ғана тұрмыстық қажеттілік емес. Қазақтың киімінде әрбір элементінде халықтың дүниетанымы жатыр. Қазақ халқының етекке тіккен оюын жағаға тақпайды деген сияқты. Сондай нәрселердің барлығын жаңғырта отырып, ұлттық санамызды жаңғырта отырып, қазір осындай бір шаралар ұйымдастырып, көпшілік халыққа соның бәрін дәріптеу жалпы мақсатымыз.» 

Ұлттық бояуы қанық киімдер тек мерекелік сән емес, өмір салтының бөлігіне айналып келеді. Мұндай бастамалар жас буынның ұлттық құндылыққа қызығушылығын арттырып, мәдени мұраны жаңаша қабылдауға жол ашады.

Сондай-ақ оқыңыз: