«Жұлдызай - 2026» ұлттық инклюзивті ойындарының облыстық іріктеу кезеңі өтті
Талғар ауданында шаңғы жарысынан республикалық «Жұлдызай - 2026» ұлттық инклюзивті ойындарының облыстық іріктеу кезеңі өтті.
Тау етегіндегі «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде ұйымдастырылған жарысқа арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері қатысты. Ұлдар 500, ал қыздар 400 метр қашықтықта шаңғымен жарысып, өзара мықтыны анықтады. Іріктеу сында қатарынан озып шығуды мақсат тұтқан жас спортшылар дене дайындығы мен жеңіске деген берік жігерін көрсетті. Жарыста үздік шыққан спортшылар 27 ақпан күні Астанада өтетін «Қысқы ұлттық инклюзивті ойындарда» облыс намысын қорғайды.
ШАЛҚАР ЖЕҢІСҰЛЫ
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
«Менің шаңғымен айналысып жүргеніме 5 айдай болды. Мен осы жарысқа жеңемін деп келдім. Болашақта қазақстан республикасының үздік спортшысы болғым келеді»
РИНАТ СҮГІРБЕКОВ
СПОРТ МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Чемпионатқа жалпы алғанда төрт команда қатысып жатыр. Ол Қонаев пен Алатау қаласы және Еңбекшіқазақ және Қарасай ауданынан. Енді жарыс мақсаты алда болдатын республикалық жарысқа алматы облысының құрамасын іріктеп дайындау. Енді болашақта республикалық жарыста үлкен деңгейге жетеді деп ойлаймыз.»