Жамбыл Жабаевқа - 180 жыл !
Биыл жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл. Мерейтойға орай ақынның туып-өскен ауылында мәдени-рухани іс шара өтті. Жас ақындар Жамбыл жырларын жатқа айтып, айтыс ұйымдастырды. Ал жырау атындағы әдеби- мемориалды музей көпшлік назарына көрме ұсынды.
АҚЖАН АНАПИЯ
ТІЛШІ
«Ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған көрмеде ақынның көзі тірісінде қолданған жеке заттары қойылған. Экспозицияда Жамбылдың үш домбырасының екеуі тұр. Бірін 1885 жылы нағашы атасы сый еткен. Ал бұл домбыраны студенттер тарту етіп, жырау өмірінің соңына дейін қолынан тастамаған. Үшінші домбырасы Алматыдағы Ұлттық музыкалық аспаптар музейінде сақтаулы»
Қазақ даласының Гомері, ұлы жырау, ақын Жамбыл Жабаев бозбала шағынан жан-жағын ән мен күйге бөлеп, бауырлас қырғыз еліне де даңқы жайылған. Дәл сол кезеңде Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, батасын да алған. Жыраудың сол бала шағы қойылымда сахналанды. Ал музей өкілдері Жамбыл Жабаев жайлы тың деректермен бөлісті.
САЛТАНАТ ЖАМБЫЛОВА
МУЗЕЙ ДИРЕКТОРЫ
«Жамбыл атамыз осы жүз жасқа сегіз ай жетпей қайтыс болғаннан кейін, 1945 жылы 22 маусымда .... больницасында қазіргі, сол жерде қайтыс болған. Екі несі бар да жаңағы сағатта. Бірінде айтады сағат өзі тоқтап қалған дейді. Бірақ енді нақты қағаз жүзінде жоқ. Бірақ солай көбісі хатшылары, жаңа бірге болған, жанында болған кісілер, жаңа үйде болған кісілер. Больницада қайтыс болды ғой ені. Хабарлаған осындай кезед қайтыс болды деп. Содан тоқтап қалған. Ал біреулер айтады тоқтатып қойған деп. Енді негізі тоқтап қалғанға келетін сияқты. Таңғы сағат сегізге бес мнут қалғанда.»
Жамбылдың ақын әрі жырау ретінде қалыптасқан кезі - қазақ халқы әлеуметтік-саяси қыспақта болған шақ. Сол кезеңде санасы өрелі Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін асқан шыншылдықпен жырлайды. «Жамбыл өлеңдерін түсініп оқыған жас ұрпақ бойында ел мен туған жерге деген құрмет сезімі арта береді» дейді қаламгерлер.
КҮМІСЖАН БАЙЖАН
ЖУРНАЛИСТ
«Енді Жамбыл бабам өзі айтып кеткен ғой, Жамбыл менің жәй атым, халық менің шын атым деп. Соны сондай бір көрегендікпен айтып кеткен деп ойлаймын. Әулиелікпен айтып кеткен. Жамбыл тек қана ақын емес, жыршы, күйші мес. Сондықтан да бұл әулие кісі ғой. Өйткені Жамбыл атам қаншама жыл өмір сүрсе де, әлемде аты жайылып, Жамбылдың аты күні-бүгінге дейін мән-маңызын жоғалтқан жоқ»
Ақын музейіне келушілер көп. Ғасыр жасаған Жамбылдың тұлғалық бейнесі мен шығармашылығы қазақ халқы үшін құнды мұра.