Шонжыда спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр
Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр.
Қазіргі таңда негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары 60 пайызға аяқталған. ВИДЕО: Нысан құрылысы өткен жылдың қазан айында басталды. Мердігер компания өкілдерінің айтуынша, жұмыс кестеге сай атқарылады. Жоспарға сәйкес, кешен биыл тамыз айында толық аяқталып, пайдалануға берілмек. Жаңа спорт кешенінде футбол алаңы, бокс және күрес залдары болады. Заманауи спорт нысаны бес жүз адамды қабылдауға қауқарлы. Алдағы уақытта мұнда спорттық жарыстар мен бұқаралық іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр.
ҒАЛЫМ ЕСКЕНДІРҰЛЫ
ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ
- Бізде қалған жұмыстар ішкі жұмыстар қалды. Біз сыртқы жұмыстарын, қазір сыртын қаптау жұмысын толық бастаймыз ертеңгі. Сол толық қаптау жұмыстарын бітіргеннен кейін ішкі жұмыстарына кірісеміз. Қаражат жағынан бізде 1 миллиард 523 миллион қаражат бөлінген. Бүгінгі күнге дейін 466 миллион қаражат игердік.