Түркістан – Қазақстанның жаңа шахмат астанасы: 2026 жылғы юниорлар арасындағы елдің басты чемпионаты басталады!
2026 жылғы 20–30 қаңтар аралығында Түркістан қаласында 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының шахмат чемпионаты өтеді. Бұл турнир – ұлттық іріктеу жүйесінің негізгі кезеңі. Дәл осы жерде мықтылардың ішінен ең мықтылар анықталады. Чемпионат қорытындысы бойынша 2026 жылғы халықаралық жарыстарға қатысатын ел құрамасының құрамы жасақталады.
Қазақстан шахмат федерациясы (KazChess) ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен жарыстарды Олимпиадалық резервті даярлау орталығында өткізеді. Қатысушылар классика, рапид және блиц түрлері бойынша жеті жас санатында медальдарды сарапқа салады. Балалар жоғары жас топтарында өнер көрсету құқығына ие.
Жас санаттарв:
U6 - 2020 ж. және одан кейін туғандар
U8 - 2018 ж. және одан кейін туғандар
U10 - 2016 ж. және одан кейін туғандар
U12 - 2014 ж. және одан кейін туғандар
U14 - 2012 ж. және одан кейін туғандар
U16 - 2010 ж. және одан кейін туғандар
U18 - 2008 ж. және одан кейін туғандар
Формат – әр дисциплина бойынша швейцар жүйесімен 9 тур.
Кесте:
20–27 қаңтар: классика (90 минут + әр жүріске бірінші жүрістен бастап 30 секунд)
28–29 қаңтар: рапид (15 минут + әр жүріске 10 секунд)
30 қаңтар: блиц (3 минут + әр жүріске 2 секунд)
2025 жыл қазақстандық шахмат үшін тарихи жыл болды. Қазақстанның балалар-жасөспірімдер құрамасы жалпы медальдық есепте әлемде бірінші орын алды. Әлем чемпионатындағы бес алтын медаль – кездейсоқтық емес. Бұл жүйелі жұмыстың, жоғары дайындық деңгейінің және мемлекеттік қолдаудың заңды нәтижесі.
2025 жылғы 28 қарашада Мемлекет басшысы әлем чемпионатының жүлдегерлерін Ақордада қабылдады. Елдің жоғары мемлекеттік мекемесінде өткен жеке кездесу жас шахматшылардың жетістіктерінің жалпыұлттық маңызға ие екенін растады. Бүкіл ел өз таланттарымен мақтанады.
2025 жылы қазақстандықтар әлемдік, азиялық және өңірлік біріншіліктерде 122 медаль жеңіп алды: 52 алтын, 32 күміс, 38 қола. Осы қаһармандардың көпшілігі Түркістанда жарыс жолына шығады. Бәсекелестік ең жоғары деңгейге жетті. Мұнда жеңіске жету – әлемдік юниорлық шахмат элитасына ену деген сөз.
Санаттар бойынша басты фавориттер
U6
Ең кішкентайлар. Рейтингтер жоқ. Балалар тәжірибесіз болса да, жасы үлкендермен де жарысады. Алғашқы мықтылар дәл осы жерде туады.
U8
Қыздар: Нармина Асылбекқызы (1541), ӘминаМұқанова (1527).
Ұлдар: Абдул-Мәлік Қайрат (1643, мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионы O7), Асылжан Машрапов (1613).
U10
Қыздар: Алиша Бисалиева (1719) – 2025 жылғы абсолютті әлем чемпионы (G8 және G9). Қарсыластары: Мариям Таубасар (1692), Амалия Едрешeва (1618), Азалия Балаканова (1604).
Ұлдар: CM Ризат Ұлан (2085, Азия чемпионатының қола жүлдегері O10), Нұрмұхамед Елемес (2031), Нұрали Нұршин (2026), Нұрислам Сұлтанхан (1981, O9 жас санатында әлем чемпионы және вице-чемпионы), Әдинұр Әділбек (1926, O8 жас санатындағы әлем чемпионы).
U12
Қыздар: WCM Жансая Шолпанбек (2058), Милана Филиппова (1929, G10 жас санатындағы Азия чемпионы), WCM Әдия Мамеш (1739), Малика Зиядин (1678), Сымбат Жетпіс (1658), Нұрсая Жұмабек (1615).
Ұлдар: FM Әлімжан Жауынбай (2091, O11 жас санатындағы әлем чемпионы), CM Нұрали Болашақов (2050), Рауан Бақыт (2049), Рамазан Төлеген (2037), Әлихан Назарбек (1979), CM Арлан Миржанов (1955), CM Әміржан Әнетов (1939).
U14
Қыздар: Далия Диасқызы (1884), WFM Ханзада Аманжол (1875, G13 жас санатындағы әлем чемпионатының вице-чемпионы), Ақнұр Мамақова (1873), Ақерке Молдағали (1831), Медина Жәкенова (1620), Бибісара Ержан (1743).
Ұлдар: CM Әлішер Әбдсаттар (2176), CM Алдияр Жарас (2123), CM Сүлейман Ахмет (2046).
U16
Қыздар: WFM Адриана Сермұхамедова (2122), Малика Жаппарбекова (2023), Асия Асылхан (2014), Айлин Зарқым (1893), WFM Диана Тыныштық (1853).
Ұлдар: IM Марк Смирнов (2425, O12 және O14 жас санаттарындағы әлем чемпионы), IM Сауат Нұрғалиев (2423, O16 жас санатындағы әлем чемпионатының вице-чемпионы), FM Ақылжан Мейірханұлы (2319), FM Назар Талғатов (2299), FM Алдияр Жауынбай (2282).
U18
Қыздар: WFM Жәния Науанова (1911), WFM Мария Холявко (2164), WFM Айару Алтынбек (2152), WCM Ясмина Әлеманова (2035), WFM Нұрсұлу Оразалина (1943).
Ұлдар: FM Артём Богданов (2402), FM Иманғали Ақылбай (2362), FM Алан Петухов (2322), FM Ернұр Амангелді (2288), FM Асман Баянтас (2244), FM Инаят Болат (2288), Қайыр Берістенов (2227), CM Әлихан Дәулет (2203), FM Сұлтанбейбарыс Думанұлы (2252).
Жүлде қоры және жолдамалар
Жалпы жүлде қоры – 15 120 000 теңге.
Әр санат пен әр дисциплина бойынша:
Классика: 1-орын – 250 000 тг, 2-орын – 150 000 тг, 3-орын – 100 000 тг
Рапид және блиц: 1-орын – 100 000 тг, 2-орын – 80 000 тг, 3-орын – 70 000 тг
Классика бойынша чемпиондардың жаттықтырушыларына 80 000 теңгеден беріледі.
Классика чемпиондары келесі жарыстарға жолдама алады:
U8–12 әлем кубогы (Батуми, 2026 жылғы маусым)
U8–12 кадеттер арасындағы әлем чемпионаты (Батуми, 2026 жылғы қараша)
U14–18 юниорлар арасындағы әлем чемпионаты (Монтесильвано, 2026 жылғы маусым)
Вице-чемпиондар – Азия чемпионатына. Жүлдегерлер – U7–17 әлем чемпионатына (Бразилия, 2026 жылғы қазан–қараша), Батыс Азия чемпионатына және мектеп оқушылары арасындағы Азия чемпионатына жолдама алады.
Жас шахматшылардың жетістіктері лайықты насихаттауға әбден тұрарлық. Олардың табыстары – бүкіл елдің мақтанышы.
Түркістан болашақ гроссмейстерлерді қарсы алуға дайын. 2026 жылы Қазақстанның жаңа чемпионы кім болады?
Трансляциялар мен нәтижелерді мына жерден қадағалаңыз