Арынбекова Жанна Сержанқызы
Директор орынбасары
Арынбекова Жанна Сержанқызы – мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл орнату және қоғамдық коммуникациялар саласында көп жылдық тәжірибесі бар білікті маман.
Жоғары білімді маман ретінде еңбек жолын мемлекеттік қызмет жүйесінде бастап, ішкі саясат, қоғамдық келісім, мемлекеттік коммуникациялар және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс салаларында жауапты қызметтер атқарды. Әр жылдары Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімінде, Алматы облысы әкімдігі құрылымдарында, өңірлік коммуникациялар қызметінде және мемлекеттік қызмет саласында қызмет етіп, өзін кәсіби, бастамашыл және нәтижеге бағдарланған маман ретінде көрсетті.
2016 жылдан бастап өңірлік коммуникациялар саласын дамытуға белсенді қатысып, Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде бөлім басшысы, кейін басшының орынбасары лауазымдарын атқарды.
2019–2022 жылдары «Jetisu Media» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы ретінде өңірлік медианың дамуына, шығармашылық бастамаларды қолдауға және ақпараттық жобаларды жүзеге асыруға жетекшілік етті.
2023-2026 жылдары Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметін басқарып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы және қоғамдық маңызы бар бастамалар жөніндегі ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етті.
2026 жылдан бастап «Qonaev Media» телеарнасында директордың орынбасары қызметін атқарады.
Ж.С. Арынбекова ғылыми және шығармашылық қызметпен де белсенді айналысады. Бірқатар ғылыми мақалалардың авторы, оның ішінде халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланған еңбектері бар. Кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында шетелдік тағылымдамалардан өтіп, халықаралық тәжірибені отандық ақпараттық кеңістікке енгізуге атсалысып келеді.
Қызмет барысында республикалық және өңірлік деңгейде 7000-нан астам баспасөз конференциялары мен медиа-іс-шараларды ұйымдастыруға қатысып, көптеген қоғамдық, мәдени және ақпараттық жобалардың үйлестірушісі әрі жетекшісі болды. «Alakol Open Air» медиа форумы, «Jetisy Creative Days» шығармашылық фестивалі және «ART форум» секілді ірі жобалардың ұйымдастырушысы ретінде өңірдің мәдени және ақпараттық әлеуетін дамытуға үлес қосты.