Qonaev Media арнасында – жаңа түрік телехикаясы «Аққыз»!
Ежелгі түркі эпостарынан шабыт алған тарихи-қаһармандық «Аққыз» телехикаясы енді Qonaev Media арнасында!
Бұл — ерлік, махаббат пен тағдыр үшін күрес туралы әсерлі оқиға. Көрерменді алғашқы минуттан баурап алатын оқиға желісі, көркем табиғат көріністері мен ерекше кейіпкерлер — бәрі осы телехикаяда тоғысқан.
Сериал Түркияда ең көп қаралған ТОП-10 телехикаяның бірі атанып, әлемнің 40-тан астам елінде көрсетілген. Батыр әйел бейнесі мен түркі рухын бейнелейтін бұл туынды қазақ көрерменінің жүрегіне жақын болары сөзсіз.
«Аққызды» дүйсенбі және жұма күндері Qonaev Media арнасынан тамашалаңыз!
Ұлт рухын сездірер, жүрекке жол табар телехикаяны жіберіп алмаңыз!